Нұр Отандағы отырыс: Тоқаев пен Назарбаев сайлауға дайындықты талқылайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросының отырысына қатысады. Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«ҚР Тұңғыш президенті-Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросының отырысы басталды. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселені талқылау тұр. Олардың қатарында сайлау туралы жаңа заң жағдайында сайлау кезеңіне дайындық мәселесі де бар», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісінде.
Сонымен қатар отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, сенат спикері Дариға Назарбаева мен Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысуда.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"