"Басқа біреуге тиіп алсаңшы": Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей әйеліне
Актер Қайрат Әділгерей танымал болу үшін әйелімен ажырасып кетуді де ойлайды. Өйткені оларды бағдарламаға шақырып, сұхбат алушылар аз екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламаға сілтеме жасап.

«Кейде Бақытқа айтамын «Екеуміз айырылысып кетейік. Өтірік айырылысып кетіп, сен басқа біреуге тиіп алсаңшы. Сол кезде бізді жан-жақтан жұлмалап шақырады. Солай хайп қуамыз» деймін», – дейді Қайрат Әділгерей.
Актер әйелі Бақыт Тұрманды да кино әлеміне алып шыққысы келген. Алайда, режиссерлер оған ешқандай рөл бере алмапты. Қазір әйелі өз шығармашылығын дамыту үстінде екен. Егер киноға түсуге шақырып жатса, бас тартпаймын дейді.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді