Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басыма қайшы қадады": Алматыда турист туроператор кеңсесіне шабуыл жасап, компания қызметкерін ұрып-соққан

Алматыда турист туроператор кеңсесіне кіріп, ақшасын қайтаруды талап етіп, компания қызметкерінің басынан қайшымен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mariyamariya1 Instagram парақшасынан

Оқиға туралы хабарлаған турагенттік өкілінің айтуынша, турист барлық ақшаны қайтаруды талап еткен.

"Әріптестер, кеше клиент Имашева Анараға шабуыл жасады. Визасына бас тарту келгеннен кейін, турист жұмсалған ақшаның бәрін менен өндіріп алғысы келді. Ол кеңседе тәртіпсіздік тудырып, басымнан қайшымен ұрды.

Біз АҚШ пен Шенгенге виза алуға өтініш бердік, екі жақта да бас тартты. Содан кейін олар барлық ақшаны бізден өндіріп алуды шешті", - деп жазды ол. 

Аталған оқиғаға қатысты, полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Бұл дерек Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс-шаралар кешенінің қорытындысы бойынша шешім қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Талқылау