FlyArystan әуекомпаниясын Air Astana құрылымынан бөлу ұсынылды
Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan әуе компаниясын Air Astana құрылымынан бөліп, Qazaq Air акцияларын сатуды ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan-ды Air Astana тобынан бөлек компания ретінде бөлу және Qazaq Air АҚ акцияларын сату туралы ұсынысты "Жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және 2021 жылға арналған монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданған шаралар туралы" баяндамасында айтқан.
Баяндамада әуежайларда жерүсті қызмет көрсетудің балама провайдерлеріне, соның ішінде әуежайлар аумағында авиакеросин сатуға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет екені айтылған.
Сонымен қатар бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуекомпания тәжірибесіне және субсидияланатын бағыттардағы әуе кемелеріндегі орындардың ең аз санына қойылатын талаптарды алып тастауды ұсынады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"