Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әркім өз ақшасын қалай басқарса да өзі біледі": Air Astana басшысының әйелі  235 миллион тұратын әшекей бұйымдарды қайдан алғанын түсіндірді

"Эйр Астана" әуе компаниясы басшысының әйелі Татьяна Фостер 235 миллион тұратын әшекей бұйымдарды қайдан алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жуырда ғана "Эйр Астана" басшысының әйелі өзінің 40 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Салтанатты шарадан кейін ол өзінің желідегі жазылушыларына қымбат әшекей бұйымдарын көрсетті. Блогер Денис Кривошеев зергерлік бұйымдардың құнын есептеген. Татьяна Фостер Кривошеевтен ресми кешірім сұрауды талап етті, әйтпесе ол сотқа бермек. 

"Шамасы, Питер Фостер әйеліне бір жылдық ресми жалақысының барлығын дерлік мерейтойға жұмсаған. Болжам бойынша, Graff сақинасының құны 235 миллион теңгені құрайды, ал оның табысы шамамен 280 млн", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Татьяна Фостердің айтуынша, желіде көрсетілген қымбат әшекейлер – тек жарнама ғана.

"Мен не айта аламын? Біріншіден, әркім өз ақшасын қалай басқарса да, өзі біледі. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде "көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған" жала жабу туралы бап бар, ол айыппұл салуға немесе әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады", – деді Фостер.

Ол Кривошеевтен ресми кешірім сұрауды талап етті.

"Мен Денис Кривошеевтен негізсіз тұжырымдары үшін және баспасөз қуана көтерген осы жала үшін ресми кешірім сұрауын талап етемін. Немесе сотқа беремін", –  деді Фостер.

Талқылау