Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы колонияда миллиардтаған айналымы бар онлайн казино жұмыс істеген

Прокуратура Алматы облысының түзеу мекемесіндегі өрескел заң бұзушылықты анықтады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bryansk.news

Қадағалау органының хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", – деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

"Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді", – деп толықтырды ведомство.

Талқылау