"Бас сүйегін тесе жаздаған": Екібастұзда жұбайын темір көсеумен ұрған ер адам бір жарым жылға сотталды
Екібастұзда ер адам темір көсеумен жұбайын ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шаруа қожалықтарының бірінің 59 жастағы малшысы әйелінің маңдайынан көсеумен бірнеше мәрте ұрып, содан кейін бірнеше рет аяғынан ұрған. Сарапшылар жарақаттарды ауыр деп бағалады. Әйелдің бас сүйегіне зақым келген.
Оқиға 1 мамырда болды, ал 5 мамырда ер адам қамауға алынды.
Сот сотталушының өкінгенін, оның қартайғанын, сондай-ақ жәбірленушінің моральдық және материалдық талаптарының жоқтығын ескерді.
Малшы Қылмыстық кодекстің 106-бабының бірінші бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын қауіпсіздігі ең төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуі керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі