Бас санитардың жаңа қаулысы: Қазақстанда карантин жеңілдетілді
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстандағы карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта Ashyq жобасын бизнестің түрлі салаларына енгізу көзделген. Тізіммен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Құжат бойынша Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:
- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде "жасыл мәртебесі" бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына –сағат 02.00-ге дейін; - сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.
"Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын", - деп жазылған қаулыда.
Құжатта Алматы қаласында да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керектігі айтылған.
"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын", - деп жазыған қаулыда.