Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитардың жаңа қаулысы: Қандай нысандардың қызметкерлері вакцина салғызбаса, жұмысқа кіргізілмейді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарды. Құжатта екпе салғызбаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге міндетті нысандардың тізімі өзгертілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Жаңа қаулы бойынша мына нысандардың қызметкерлері вакцина алмаса, жұмыс істеуіне шектеу қойылады: 

  • базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
  • қонақүйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар;
  • әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторийлер, демалыс үйлері/ базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар;
  • қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілерд, стрит-фудтар; - қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары;
  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
  • дәріхана ұйымдары;
  • сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері;
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;
  • байланыс және телекоммуникация объектілері.

Сонымен қатар Қиясавтың жариялаған қаулысында вакцинациядан өтпеген жұмыскерлері ПТР-тестілеуден өткізуге міндетті нысандар тізімі көрсетілді. Атап айтсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер.

Талқылау