Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура үгіт-насихат кезіндегі алғашқы заң бұзушылықтарды анықтады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев үгіт-насихат талаптарын бұзған кандидаттар туралы мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

Ведомство мәліметінше бүгінгі таңда сайлау кампаниясына мониторинг жүргізіліп, үгіт-насихат талаптарын бұзуға қатысты 5 факт анықталған.

“Олар кандидаттарды тіркеу аяқталмас бұрын шараларын бастап кеткен. Оның ішінде 1 кандидат әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Ал төртеуі тиісті тіркеуден өтіп қойған. Заң талаптарына сәйкес, кандидаттың тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тек Орталық сайлау комиссиясының келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бас прокуратура осындай заң талаптарын бұзу фактілерін шешу барысында және Орталық сайлау комиссиясының рұқсатын алу мақсатында кеше тиісті ұсынысты ОСК төрағасының атына жолдады. Біздің ұсынысымызды қарап, 4 кандидатты жауапкершілікке тартуға рұқсат беруіңізді сұраймыз", – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, Астана, Тараз және Қарағандыдағы бір мандатты сайлау округтерінен шыққан кандидаттар тіркеу аяқталмай жатып, үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткен.

"Бас прокуратура жолдаған ұсынымдардың мазмұны ұқсас болғандықтан, осы 4 азаматқа қатысты шешімді бір қаулымен қабылдауды ұсынамын", – деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тіркелген 4 үміткерді жауапқа тарту шешіміне бірауыздан қолдау білдіріп, келісім берді.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 14:58
Талқылау