Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура: "Қаңтар" оқиғасы бойынша 545 адам сотталды

Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қаңтар оқиғасын тергеу ісі бойынша мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қаңтар

"Барлығы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданып, 545 адам сотталды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ залалды өтелмеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы нақты бас бостандығынан айыру жазасын алды", – деді Қилымжанов брифинг барысында.

Оның сөзінше, қазір сегіз өңірде 30 мыңнан астам тергеу әрекеті жүргізілуде. 4 мыңнан аса сот сараптамасы тағайындалды.

Қазір 349 күдікті қамауда отыр. Олардың қиратуға, ғимараттарды өртеуге, қару жымқыруға, мемлекеттік нысандарға және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адамның осы қылмыстарға қатысы барын растайтын мәліметтер жеткілікті екен.

Қазіргі таңда арнайы прокурорлардың өндірісінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 қылмыстық іс, терроризм актісі бойынша 32 қылмыстық іс жатыр.

Талқылау