Бас мүфти қазақстандықтарды Қадір түнін үйде қарсы алуға шақырды
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Нарызбай Қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымын Қадір түнін үйде қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл жылы Қадір түні 19-нан 20 мамырға қараған түні болады. Сіздерді қасиетті түнде үйде болуларыңызды сұраймын", - деді бас мүфти.
Бұған қоса ол еліміздің эпидемиялогиялық жағдайына байланысты 18 мамырдан бастап барлық мешіттер бірдей ашылмайтынын алға тартты. Сөзінше, қайта ашылған мешіттер 7:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді.
"Түнде мешіттер жабық болатынын айтқымыз келеді", - деп қосты ол.
Сөзінше, онлайн түрде садақа жасау 2020 жылдың соңына дейін жалғасады екен.
Наиб муфти Ершат Оңғаров имамдардың арасында коронавирус жұқтырғандардың жоқ екенін жеткізді. Айтуынша, бүгінгі күні жаназа шығаратын имамдар барлық сақтық шараларын ескеріп, намазды қашықтықта тұрып оқиды екен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар