Бас бапкерліктен кеткен Станислав Черчесов Еуропада қызметке тұра ала ма
"Зениттің" бұрынғы бас бапкері Властимил Петржела РБ Sport басылымына берген сұхбатында Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Черчесовтың Instagram желісінен
Властимил Петржела Станислав Черчесовтың Қазақстанда бас бапкерліктен кеткен соң Еуропада қызметке тұруы екі талай екенін айтты.
“Ол Еуропада жақсы жұмыс таба ала ма? Жағдай басқаша болғанда мүмкін табатын еді. Бірақ қазір оны Еуропада қызметке алуы екі талай. Неге? Өйткені ол орыс. Қазір Еуропада орыстарға қалай қарайтынын білесіздер ғой. Украинадағы соғыс бітпейінше, ол Еуропадан жақсы жұмыс таба алмайды”, – деді "Зениттің" бұрынғы бас бапкері Властимил Петржела.
Бұған дейін Черчесов Польшаның "Легиясында" және венгриялық "Ференцварошта" бапкерлік қызметте болды. Өткен жазда ол футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Жақында Черчесовтің Қазақстанмен де келісімшартты бұзатыны белгілі болды.

