"Барселона" капитаны клубтан шығуға ниетті
Атақты “Барселона” клубының бас ойыншысы Серхио Бускетс клуб президенті Жоан Лапортамен кездесіп, “Барселонамен” жаңа келісімге отырмайтынын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: ФК Барселона
34 жастағы футболист жазда Каталонияға кетуге ниетті. Атақты хавбек “Барселонадан” кеткеннен кейін мансабын МЛС (Major League Soccer) клубтарының бірінде жалғастыруды жоспарлап жүр.
Бускетс 2008 жылдан бастап “Барселона” құрамында және қазіргі таңда клубтың капитаны боп саналады. Серхио мен клуб арасында келісімшарт 2023 жылдың жазында аяқталады.
Ойыншы осы маусымда Ла Лигада төрт матч ойнады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

