7 миллиард долларын қайырымдылыққа жұмсап, жалдамалы пәтерге көшкен: Қаржысын үлестіріп берген миллиардер қайтыс болды
АҚШ-та Duty Free дүкендерімен табыс тапқан кәсіпкер Чак Фини 92 жасында Сан-Францискода қайтыс болды. Forbes тізіміне енген кәсіпкер көзі тірісінде барлық ақшасын қайырымдылық қорына беріп, зейнеткерлікке 2 миллион доллар ғана қалдырған. Соңғы 30 жыл бойы Фини жалдамалы пәтерде тұрып, үйі де, көлігі де болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Wikipedia
Фини 1960 жылы Duty Free Shoppers желісін құрып, әуежайларда бажсыз сауда жасаушылардың бірі болды. 1988 жылы ол алғаш рет Forbes журналының АҚШ-тың ең бай 400 миллиардерінің тізіміне еніп, оның байлығы 1,3 миллиард долларға бағаланды. Алайда Forbes оның байлығын қате есептегендерін бірнеше жыл өткенде ғана білген. Ол кезде Финидің капиталы әлдеқайда көп болған, бірақ кәсіпкер оның көп бөлігін жасырын түрде қайырымдылық қорына аударып отырған.
Филантроп ретінде 1997 жылы ол серіктесімен бірге Duty Free Shoppers акцияларын Louis Vuitton Moët Hennessy-ге сатқаннан кейін ғана танымал болды.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді