2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке ақша жетпейді – Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылға жоспарланған дәрі-дәрмек көлемінің жартысын ғана сатып алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: sunhome.ru
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының орынбасары Ботагөз Сыздықованың айтуынша, бөлінген қаржы алдағы жылға қажетті барлық дәрі-дәрмекке жетпейді.
"Қажеттілікті анықтау барысында, 2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке биыл қаражат жеткіліксіз екені белгілі болды. Сондықтан бұл тізім жобасына ең қажетті дәрі-дәрмектер және біз 2024 жылға бөлген қаражат шегінде енгізілген. Дәрілік заттар, инновациялық, биологиялық өнімдерге деген қажеттілік 2024 жылға арналған бюджет нақтыланған кезде көрсетіледі", – деді ол.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"