Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық бала ана үшін бірдей": Гүлзира Айдарбекова еш жерде көрсетпеген отбасылық фотоларды жариялады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық ескі фотоларын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Медиа менеджер Instagram-дағы парақшасында "Басқа ұлдары туралы мүлдем айтпайды" деп сынайтындарға жауап берді. Продюсер Қайратты көбірек жақсы көреді деген пікірлерді жоққа шығарып, үш ұлын да бірдей көретінін жасырмады.

 "Қайрат туралы айтсам бүкіл жерге тарап кетеді. Содан кейін басқа ұлдарыңыз жайлы неге айтпайсыз деп жатады. Сұраққа қарай жауап беріп жатамын, бірақ ол әңгімелер көп таралмайды ғой. Барлық бала ана үшін бірдей болады. Бірақ қанша бақытты көрінгенімен, жүрегінде тынышы жоқ, қайсысының уайымы басымырақ. Амалсызсың. Заңғар еш уайымдатпайды. Туғанынан сондай болды. Керісінше, бізге ақыл айтқыш. Ешкімнен көмек те сұрамайды. Жағдайын өзі жәймеңдеп реттеп жүреді", – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 



Сондай-ақ продюсер балаларының кішкентай күніндегі фотоларын да көрсетіп, отбасылық архивті ақтарды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Еске салайық, "Дәптерге 500 рет жазыңыз" деген Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көріп жүрген оқырманына кеңес берген еді. 

Талқылау