"Барыстың" өткен маусымдағы үздік бомбардирі келісімшарт мерзімін ұзартты
"Барыс" хоккей клубы Никита Михайлиспен келісімшарт жасағанын ресми мәлімдеді. Шабуылшымен бір жақты келісім 2023 жылдың 30 сәуірінде жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы өз мансабында "Барыс" жүйесіндегі командалар сапында ойнаған. Қазақстан хоккей лигасында 353 матч өткізген Никита 180 ұпай (84+96) ұпай жинады.
Өткен маусым спортшы үшін ең табысты маусым болған. Ол 44 ұпай жинап (18+26), үздік бомбардир атанды. Сонымен қатар ҚХЛ тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша "Барыстың" сұрмергені болды.
Мамырда әлем чемпионатында элиталық дивизион қатарында ойнады. 7 кездесу бойынша статистикасы 6 (2+4) балға тең.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

