"Барыс" хоккей клубы "Спартакты" жеңді
28 қыркүйек Мәскеудегі көшпелі серияның қорытынды матчында "Барыс" "Спартакты" 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кирилл Савицкий мен Михаил Рахманов денсаулық жағдайына байланысты ойынға қатыса алмады. Олардың орнына Диас Гусейнов пен Михаил Григорьев ойын өрнегін көрсетті. Юлий Гудачек қақпада болды.
Алғашқы ұпайды "Спартак" еншіледі. Шайбыны соққан – Захар Арзамасцев. Екінші сегментте ешкім гол соқпады.
Ал соңғы кезеңде қазақстандықтар ойын барысын өзгертті. Джереми Бракко ұпай еншілеп, есепті теңестірді. Одан соң Аркадий Шестаков шайбыны соқты. Матчқа Егор Петухов нүктесін қойып, 3: 1 есебімен басымдық көрсетті.
Келесі матч 2 қазан күні Қазақстанда “Сочиге” қарсы өтеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді

