Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көшеге шыққан көпбалалы аналарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі "Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбындағы баспасөз конференциясында журналистер елордадағы министрліктер үйінде жиналған көпбалалы аналардың баспана мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

"Менің көпбалалы аналарға айтарым бар. Қазір біз бұл мәселені екі жолмен шешудеміз. Егер "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша баспана сатып алу мүмкін болмаса, жалдамалы пәтер алуға үміттене аласыз. Осы бағдарлама бойынша үш жылдың ішінде үйлер саламыз. Біз жыл сайын 6000 пәтер саламыз, биыл 8000 пәтер салынбақ. Алдағы үш жылда мәселе жабылады. Сізгер шыдамды болу керексіздер деп ойлаймын", - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.

"Оларға үй алу үшін 2-3 жыл күту керек. Олар келіп, көмек сұрайды. Мен де, министр де, ешкім бірден үй бере алмайды. Заң бар. Егер сізде заң бойынша алдымен кезектегі 1000 адамға үй беру керек болса. Оларды ысырып қойып қалай үй береміз? Сондықтан шыдамдылық таныту керек", - деп түйіндеді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 118 мың тұрғын үй салынады. 2019 жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздері бойынша 65 мың пәтер салынды. Бұрын көпбалалы аналардың талабымен митингке шыққандығы хабарланған болатын.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауады

15-17 қазанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Аяна Ғабдуллина: Мені Қайрат Нұртас қатты таңғалдырды

"Қауіпті жұмыс": Министр Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы туралы

Ермекбаев көз жұмған әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазіргі уақытта нан әр өңірде 75-78 теңге аралығында сатылуда

"Менің жоғарыда тіреуім жоқ": Дана Нұржігіт сенаттан бір-ақ шыққаны туралы

Журналист: Мен үшін күтпеген ұсыныс болды

Атырау облысының әкімі перзентханадағы сұмдық жағдай туралы: Сәби өлімі – біз үшін трагедия

Ноғаев сәби өлімі проблемасы мен ана мен бала күтімі басты назарда болатынын айтты

"Күйзелісте жүрмін": Сиви Махмуди күйеуімен ажырасып кетті дегендерге жауап берді

Сиви Махмуди соңғы уақытта өмірінде болған өзгерістерден әлі есін жия алмай жүр
Çàãðóçêà...