Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрімізге жалақы керек": Naiza лигасының чемпиондық белбеуіне үміткер Абу Нұрболат қазақтарға қарсы не үшін жұдырықтасатынын айтты

Еліміздегі ең үздік тұжырымның бірі саналатын Naiza лигасында жарқын жеңістерге жетіп жүрген Абу Нұрболат белбеуге үміткер спортшылардың бірі. Naiza 62 турнирінде 61 келі салмақтың чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігі үшін аз-кем сұқбат беріп, не үшін қазақ спортшыларына қарсы жұдырықтасып жүргенін түсіндірді.  

Фото: Naiza

– Абу, дайындық қалай өтіп жатыр?
 – Шүкір, дайындығымыз өте жоғары деңгейде. Бабымыз да өте жақсы. Жанкүйерлерді жарқын жекпе-жек күтіп тұр. Бұйырса, белбеуді командаға алып келіп, лиганың су жаңа чемпионы атанамыз. 

– Жанкүйерлердің басым көпшілігі Дастанды фаворит ретінде көреді. Осы пікірмен келісесің бе? 
– Әрине, Дастанның белбеуге дейінгі қарсыластарының бәрі мықты болды. Ол өзінің қай жерге дейін баратынын көрсеткен жігіт. Жанкүйерлердің Дастанды фаворит ретінде көретіні заңды деп ойлаймын.  

– Егер жеңіске жетіп жатсаң, келесі жекпе-жегіңде кіммен кездескің келеді?
– Дастан Амангелдіні жеңіп, белбеуді аламын деген үміттемін. Әрине, жеңіске жеткен жағдайда ең бірінші үміткер - бұл Ақанов Көшен. Белбеуді иеленсек, келесі жекпе-жекте Көшенмен кездесеміз. Сол жігітті күтемін. Ол маған қарсы көп сөйлеп қойды. Біз ешқандай шайқастан қашқан емеспіз. Бірақ оның тарапынан айтылған артық әңгемілер көп болды. 

– Сәуір айында еліміздегі ең үздік жауынгерлердің бірі саналатын Сәбит Жүсіповпен панкратионнан ел біріншілігінде кездесіп, оны нокаутқа жібердің. Егер осы жолы чемпиондық белбеуді иеленсең, Fight Nights тұжырымының чемпионымен жекпе-жекке қалай қарайсың?
– Сәбит Жүсіповпен Қазақстан чемпионатында жекпе-жек өткіздік. Ол жерде бір-бірімізге қарсы шығудан басқа амал жоқ. Бәрімізге жалақы, ақша керек болған соң жұдырықтастық. Ал Fight Nights белбеуі болсын, басқа белбеу болсын кәсіпқой спортта оған қарсы шықпаймын. Өйткені Сәбитті аға ретінде сыйлаймын.

– Өзіңмен бірге бір кардта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатын Олжас Абзалиев пен Марсио Сантостың арасындағы жекпе-жекте кім жеңеді деп ойлайсың? 
– Олжас Абзалиев пен Марсио Сантостың жекпе-жегі өте қызықты болары анық. Бірақ Олжастың жеңетіне сенімдімін.

Талқылау