Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір қыз емессің ғой": Павлодарда inDriver жүргізушісі жас қызды зорлап, тонап кеткен

Павлодарда inDriver тасымалдау қызметінің такси жүргізушісі жас қызды зорлап, тонап кетті деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қорындағылар Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қорда жарияланған мәліметке сәйкес, оқиға маусымның 2-сіне қараған түні орын алыпты. Сол түні ағасы мен қарындасы сауық кешінен үйіне қайту үшін inDriver қосымшасы арқылы такси шақыртқан. Мұнан кейін олар көлікке отырып, ағасы үйіне бұрын жетіп, түсіп қалыпты. Артынша жүргізуші емханада дәрігер болып жұмыс істейтін қызды одан әрі алып кетеді.

«Такси жүргізушісі қыздың үйіне жетпестен көлікті тоқтатып, артқы орындыққа қыздың қасына жайғасып, есіктің бәрін жауып тастаған. Қыз шақырту бойынша жұмыс істейтін такси жүргізушісі зорлаушы болады деп ойламаған. Ол қатты қорқып, өзін аяуын сұрапты. Алайда ер адам өзінен әлдеқайда денелі болғандықтан, қарсыласуға шамасы болмапты. Бәрі кенеттен және жылдам болған. Ер адам оның іш киімін жартып, жылап, жалынғанына қарамастан зорлап тастапты. Ол өз шаруасын тындырғаннан кейін, қызды көліктен итеріп шығарып, iPhone 8 телефонын тартып алады. Көліктен құлап түскен қыз орнынан тұрғанша жүргізуші кетіп үлгерген», - делінеді хабарламада.

Ертесі күні қыз құрбысымен бірге полицияға жүгініпті. Артынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама жасалып, қыз оқиға орнына барып, жүргізушіні сипаттап берген. Сол күні ол iCloud арқылы өзінің қоңырауын тауып алып, скриншот жасапты. Сонымен қатар iCloud арқылы телефонын бұғаттап тастаған. Такси жүргізушісі оның телефонын қосқанда, оның тұрған орны анықталыпты. Осылайша, қыз бүкіл мәліметті полицияға беріп, артынша күдікті тұтқындалған.

Полиция күдікті мен жәбірленуші бетпе-бет кездестірген. Ер адам қыздан кешірім сұрап, екі баласы барын айтып, түсіністікпен қарауын, өмірін құртпауын сұраған. 

«Ертесі күні ол тағы да қоңырау шалып, кездесуді сұраған. Қыз құрбысымен бірге барып, әңгімені видеоға түсіріп алыпты. Ер адам оған моральдық шығын ретінде 100 мың теңге ұсынып, одан басқа ақшасы жоқ екенін айтыпты. ... Ол: «Мен тазамын. Отбасылы адаммын ғой. Кішкентай балаларым бар. Жұқтыратын ештеңем жоқ», - деген. Артынша: «Сен бәрі бір қыз болған жоқсың ғой», - деді», - делінеді жазбада. 

Қордағылардың сөзінше, мұнан кейін күдіктінің туыстары жәбірленушінің мекенжайын, жұмыс орнын біліп алып, сес көрсете бастаған. Күдіктінің екі ағасы емханаға барып, қыздан кездесуін сұрапты. Алайда қыз бас тартқаннан кейін, оны басшылық арқылы шақыртып алатындарын айтып қорқытқан. Мұнан кейін 21 маусымда күдіктінің әпкесі жәбірленуішінің үйіне барыпты. Алайда қыз есікті ашпай қойған. 

«Ертеңіде әпкесі бір ер адаммен бірге оны жұмысының маңында аңдып, артынша артынан жүгіріп, ақшаны алуын сұраған. Ол жылап тұрып інісінің әйелі балаларын алып кетіп қалғанын айтыпты. Алайда қыз оларға тағы келсе полиция шақыратынын ескерткен. ... Олар қыздың емханадағы жұмысына келіп, пациенттермен бірге кезекте отырып, сөйлесуін сұраған. Дәрігер қыз ашуланып, жылапты», - дейді қордағылар. 

Сонымен қатар «НеМолчи.kz» қорындағылар тергеу барысына көңілдері толмай отырғанын жеткізді. Себебі тергеуші «жәбірленуші шаршап, әрі қарайғы амалдардан бас тартуы үшін» бәрін жасаған, дейді. 

«3 қыркүйекте тергеуші жәбірленушіні екінші бетпе-бет кезедсуге шақырады. Сол жерде күдікті мүлдем басқа оқиғаны айтқан. Ол қыз екеуінің арасындағы жыныстық қатынас келісім бойынша болғанын, екеуінің бірге ішімдік ішкенін айтыпты. Бірінші кездесудегідей кешірім сұрамаған. Мұнан кейін істі артқы уақытпен жапқан. Бұл туралы жәбірленуші Павлодар облыстық ПД-ға жүгінген кезде біліпті. Құжатта бетпе-бет кездесу уақыты 17 тамыз деп көрсетілген, ал іс 20 тамызда жабылған», - дейді қордағылар. 

«НеМолчи.kz» қорындағылар аталған қылмыстық іс бойынша тергеушіге қатысты тексеріс жүргізуді сұрады. Сонымен қатар облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінен істі бақылауға алуды сұрап отыр. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Stan.kz ақпарат агенттігіне берген жауабында аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«2 маусымда аталған дерек бойынша Павлодар полиция басқармасының тергеу бөлімімен ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұтқындалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сараптама тағайындалды», - дейді полиция департаментіндегілер.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр