Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк ВТБ (Қазақстан) тұтынушыларына несиелер бойынша арнайы шарттарды ұсынады: сыйақы мөлшерлемесі небәрі 15%-дан бастап

Қазақстандықтар әртүрлі мақсатта несие алады. Біреулер банктің қаржылық көмегін бизнес ашуға қолданса, ендігілері тұтынушылық қажеттіліктерге пайдаланады. Бүгінгі материалымызда ВТБ (Қазақстан) банкі ұсынатын несиенің артықшылықтары жайлы сөз етпекпіз.  

ВТБ (Қазақстан) банкі өзінің клиенттеріне несиенің бірнеше түрін: қолма-қол ақшамен, автонесие, депозитті кепілге қойып қолма-қол және тауарлар мен қызметтерге арналған тұтынушы несиесін ұсынады.

Қолма-қол несие —  ең қолайлы әрі бес жылға дейін берілетін қарапайым кепілсіз несиелердің бірі.  15%-дан бастап (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 16%-дан бастап) 5 миллион теңгеге дейін несие алғыңыз келсе, онлайн форманы толтырып немесе жақын маңайдағы банк бөлімшесіне барып, кепілсіз ақшалай несиеге өтініш бере аласыз. Банк қарызға ақша алу мақсатында берген өтінішіңізді, құжаттарыңызды қарағаны үшін сізден өтемақы алмайды. 

Несиені төлеп болған соң, ВТБ банкі барлық кешігіп төлеуге жол бермеген тұтынушыларға сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын қайтарып береді. Осылайша банк ең жауапты қарыз алушыларды ынталандырып, оларға тамаша несие тарихын сақтап қалуға көмектеседі. 

Қолма-қол несие 22 жастан асқан зейнет жасына дейінгі тұрақты еңбекақысы, зейнетақы төлемдері мен жақсы несие тарихы бар барлық Қазақстан азаматына беріледі.  

Сонымен бірге, ВТБ (Қазақстан) банкі арқылы басқа банктердегі қарызды тиімді шарттармен қайта қаржыландыруға болады. Егер сіз басқа банкте жылдық пайызы жоғары несие төлесеңіз, ВТБ банкіне хабарласып, шығындар мен ай сайынғы төлемді азайта аласыз, тіпті, несие сомасын ұлғайту мүмкін болмақ. 

Тұтынушылар үйден шықпай-ақ алдын ала банк сайтындағы үлгіні толтыру арқылы несие алу немесе кепілсіз несиені қайта қаржыландыру өтінімдерін қалдыра алады. Одан кейін менеджерлер сізге жақын арада хабарласады. Несиелерді қашықтықтан интернет-банкинг немесе банктің банкоматтары мен төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. Егер клиент жаңа технологиялар арқылы төлеуді жөн көрмесе, ай сайынғы төлемдерді банк бөлімшелерінде немесе 3 500-ден асатын  «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде төлей алады. 

Несие алу немесе кепілсіз несиені қайта қаржыландыру туралы қосымша мәліметті, ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып немесе банк сайтында онлайн сұратым қалдыру арқылы ала аласыз. 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау