Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Банк үлкен алаяқтық жасады": Игорь Дужнов бес адамды қалай өлтіргенін айтып берді

Алматылық Игорь Дужнов сот отырысында бес адамды қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, отбасын үйінің аумағына заңсыз кірген адамдардан қорғауға тырысып, қорғану мақсатында әрекет еткенін мәлімдеді. Сонымен қатар болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.

Дужнов

Оның сөзінше, банктен кредит алып, отбасы құны кредит сомасынан үш есе көп коммерциялық жылжымайтын мүлік пен үйді кепілге қойған. Кредит төлеу мүмкіндігі болмағаннан кейін банк кепіл мүлкін сатуға шешім қабылдады.

"Бірақ банк тарапы үлкен алаяқтыққа барды. Банк коммерциялық нысанды өзі белгілеген нарықтан әлдеқайда арзан бағада сатуға шығарып, өзі сатып алды. Содан кейін де біз банкке қарыз болып қалдық. Артынша банк үйімізді де тартып алды", –  деді Дужнов.

Сотталушының айтуынша, мәселе әділ шешілуі үшін прокуратура да, президент әкімшілігі де ол жүгінген, алайда жауап болмаған.

"2021 жылдың 20 қыркүйегінде үйден заңсыз шығаратын болды. Сот орындаушысы мен сатып алушы, учаскелік полиция және олар жақтан басқа да адамдар келді. Біздің тарап бұл күні көшіру заңсыз екенін түсіндірді. Сот шешімі бар, онда сот істі шешкенге дейін ешқандай әрекет жасауға болмайды деп көрсетілген. Бірақ сот орындаушысы да, сатып алушы Тұрғанов та мұны тыңдағысы келмеді", –  деді Дужнов сотта.

Оның айтуынша, оған қолына қару алуға жеке сот орындаушысының, полиция және үйдің жаңа иесінің үй аумағына кіруі мәжбүр еткен. 

"Мен ешқандай заңды әрекет көмектеспейтінін түсіндім. Біз прокурорды, қамқоршылық органдарын шақырдық, жағдайды үйден шығармақ болғандарға түсіндірдік. Мен отбасымды көшеге шығарып жіберетінін түсіндім. Барлық заңды әдіс заңсыз әрекетті тоқтата алмайды. Заңсыз әрекеттерді тек менің аумағына кірген қарсыласты жеңуге бағытталған белсенді қарсылықпен тоқтатуға болады", – деп түсіндірді Игорь Дужнов.

Дужнов содан кейін ол қаруы жатқан гаражға барып, он оқты салып, қайтадан аулаға келгенін айтады.

"Ыңғайланып тұрып, үйге кіргендерге "қабырғаға қараңдар" дедім. Үйге баса-көктеп кіруге қатысы жоқ адамдарға, атап айтқанда, заңгер мен қамқоршылықтан келген әйелге шетке тұруға мүмкіндік бердім. Олар тыныш шығып кетті.

Басып кірген топты атқаннан кейін көшеде көмекке келетін полицейлер тұрғанын түсіндім. Жауынгерлік әрекетке бармауы үшін көлікке қарай бір оқ аттым. Оларды өлтіру мақсат болмады, олар үйімнің сыртында тұрды", – деп еске алды сотталушы.

Қарудағы оқ таусылған соң гаражға барып, екінші рет оқтаған. Артынша үйінің 2-қабатына көтеріліп, болған жайтты ойланған. Тіпті өзін өлтіру туралы да ой болған. Алайда туыстарымен сөйлескеннен кейін бұл ойынан қайтып, полицияға берілген.

Алайда жауап алу кезінде Дужнов сотқа өзінің кінәсін мойындамайтынын айтты.

"Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Менің кінәсіз екенімнің дәлелін жарыссөзде мен және менің адвокаттарым айтады", –  деді Игорь Дужнов.

Айта кетейік, бұған дейін Игорь Дужнов жауап беру кезінде Донбасстағы соғысқа қатысқанын растаған еді. Ол өзінің “фашизммен” күрескенін айтқан.

Талқылау