Банк қызметкерлері әріптесінің қайтыс болғанын байқамай, жанында бірнеше күн жүмыс істеген
Аризона банкінің қызметкері Дениз Прюдом жұмыс орнында қайтыс болғанынан төрт күн өткен соң табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nbcnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызметкерлерді есепке алу жүйесі соңғы рет 16 тамызда ғимаратқа 60 жастағы әйелді кіргізгенін тіркеген. Содан кейін ол кеңседен мүлде шықпаған.
Төрт күннен кейін компания қызметкерлері жағымсыз иісті сезіп, кеңседегі су құбырында ақау пайда болды деп ойлаған. Алайда, күзетшілер тексеру кезінде Прюдомның кеңсесіне кіріп, әйелдің өлгенін анықтаған.
Компанияның мәліметінше, әйел жұмысшылар аз отыратын, тар кеңседе болған. Сондықтан оның көз жұмғанын басқа қызметкерлер байқамаған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілерін таппаған. Олар әйел табиғи себептерден қайтыс болды деп болжады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен