Балықшылар 400 келілік балықпен бес сағат айқасып, рекорд орнатты

АҚШ-та балықшылар салмағы 400,9 келі тунец аулап, Техас штатының жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Houston Chronicle-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дэвид Эсслингер 2025 жылғы 10 сәуірде достарымен бірге балық аулауға шығып, сол күні-ақ олжалы болған. Алайда жетістік енді ғана ресми тіркеліп отыр.
Ол Мексика шығанағы маңында қайықпен балық аулап жүргенде қармағына ірі тунец түскенін айтты. Достары көмектесіп, олар алып балықпен бес сағаттан астам уақыт арпалысқан.
Эсслингер әлеуметтік желідегі парақшасында серіктестеріне алғыс айтып, “көлік көлеміндей балықты” жалғыз ұстау мүмкін емес екенін жеткізді. Оның сөзінше, біреуі қайықты тұрақтандырса, енді бірі арқанды бекіткен.
“Мен бортқа жүгіріп келгенде денем дірілдеп, қолым жансызданып қалды. “Қандай алып тунец!” деп айғайладым”, – деді ол.
ОқыңызKHOU мәліметінше, бұған дейінгі рекорд 2021 жылы Трой Ланкастерге тиесілі болған. Ол ұстаған тунецтің салмағы 397,3 келі еді.
"Сені сүйемін деп ашық айта беремін": Желі жұлдызына айналған зейнеткер жұп махаббат хикаяларын бөлісті