Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балконда концерт қойған Төреғали Төреәлі полицейлерге ұсталып қалды (видео)

Төреғали Төреәлінің басы тағы дауға қалды. Әріптесі Еркеш Хасенмен бірге балконда концерт қойған әнші полицейлерге ұсталып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде Төреғалидің кешірім сұраған видеосы пайда болды. 

"Ардақты ағайын, "Ауылға алғыс" атты концертіміз мұндай үлкен шу болып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Ініміз екеуміздің атымыздан кешірім сұраймын", – деген Төреғали видеода. 

Желі қолданушылары Төреғалидің бұл әрекетін қызу талқыға салды. Көпшілігі карантин уақытында халықтың көңілін көтерді деп жігіттерді ақтап алуға тырысты.



"Кешірім сұрайтын жағдай емес қой негізі", "Әнін айтқанда не тұр? Бәрі мына індеттен шаршады. Кешірім сұраудың қажеті жоқ, жақсы, халықтың көңілін көтерді", "Елдің еңсесі түсіп кетті, қазір ешкім ешқайда шықпайды. Телевизорде не дұрыс кино, не дұрыс концерт жоқ. Елдің көңілін көтеріп жүр ғой. Түсіністік болу керек. Той емес қой, кешіру керек", – деп жазды оқырмандар. 

Халық Төреғали үшін уайымдап қалғанымен, бұл кадр бар болғаны бейнеклиптен алынған үзінді болып шықты. 

Бейнебаян Төреғали Төреәлі мен Еркеш Хасен бірігіп орындаған "Сүйіп сүймей" әніне түсірілген. "Тойдуман" арнасы жариялаған клип үш күнде 100 мыңнан аса қаралым жинады.

Талқылау