AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің жары мамандығы мен болашаққа жоспары жайлы айтты

Төреғалидің жары мамандығы, хоббиі мен болашаққа жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


Толқын Тұрарбекқызы – бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Алайда еліміздегі беделді оқу орындарының бірін бітірген. Ол мамандықды адамның жаны қалауы тиіс деген пікірмен келіседі.

"ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар магистрімін. Мамандық таңдауда, адамның жанына ұнайтын, кейін жұмыс жасағанда рахаттанып істейтіндей болу керек. Сонда жұмысты табыс табу үшін емес, өзіңіз үшін істейтін боласыз! Ал шын пейілмен істелген кез келген жұмыс міндетті түрде жемісті болады", – деп бөлісті ол Instagram Stories-те.

Толқын қандай қызығушылықтары бар екенін де айтты.

"Мектеп қабырғасынан бастап домбыра тартып, ән айтқанды, өлең шығарғанды ұнатамын! Кітап оқу әдет болып кеткен. Құранды толық жаттағым келеді! Қазіргі кездегі сүйікті ісім – Құран оқу", – деді ол.

Сондай-ақ Төреғалидің жары болашаққа жоспарымен бөлісті.

"Бұйырса PhD-ге түскім келеді. Бір жерде жұмыс жасау үшін емес, өзімді дамыту үшін алғым келеді білімді. Балаларыма дұрыс тәрбие беріп, білімді сіңіру үшін де тоқтаусыз дамығым келеді. Ал жұмысым үйімнің ұйытқысы болуыма кедергісін келтірмейтін кәсіп болса деймін. Қазіргі уақыттың мүмкіндігі шексіз. Тек қаласаңыз болғаны", – деп жазды ол.

Жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген Толқын бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты.

"Балаларыма мейірімді төгіп, жүректеріне иман ұялатқым келеді. Бала шалалығын жасайды, ол да уақытша екенін ұмытпау керек. Сондықтан бәрін түсіндіруге тырысамын", – дейді Төреғалидің жары.

 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр