Балқаш тұрғындары жаңа құрылатын Ұлытау облысына қосылғылары келмейтінін айтты
Балқаш тұрғындары жаңа құрылатын Ұлытау облысында қосылғысы келмейтінін айтты. Тұрғындар Қарағанды облысына бағынғысы келетінін айтып, осыған байланысты арнайы өтініш жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
видеодан скриншот
"Жезқазған қаласы Қарағанды қаласынан екі есе алыста орналасқан. Балқаш қаласының көптеген тұрғыны қарт адамдар, денсаулығы нашар адамдар, Балқаштан Жезқазғанға дейінгі жолды көтере алмайды", – дейді тұрғындардың бірі.
Балқаш тұрғындары көп жылдар бойы Қарағандыға апаратын автобан құрылысының аяқталуын күтуде. Сол кезде облыс орталығына дейінгі жол шамамен екі сағат болады. Сонымен қатар “аймақтағы билік неғұрлым жақын болса, бақылау соғұрлым көп болады” дейді белсенділер.
Өтінішке 10 мыңға жуық адам қол қойды.
Бұған дейін Балқаш Жезқазған облысына кіретін. Содан соң оны Қарағанды облысымен біріктірген. Өткен аптада мемлекет басшысы Ұлытау облысының құрылғанын жариялады. Жергілікті билік өтініш туралы білетінін айтты, сондай-ақ оның мәнін әлі белгіленбеген шекараны анықтайтын адамдарға жеткізуге уәде берді.
Осыған орай, Ақадыр кентінің тұрғындары оларға аудан орталығы мәртебесін қайтаруды сұрайды. “1997 жылы олар Шет ауданының құрамына енді. 23 мың адам тұратын ауыл мен жақын маңдағы ауылдарда қажетті инфрақұрылым, ірі теміржол торабы және жеке аудан болуға деген үлкен үміт бар” делінген хатта.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
