Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақ

Айтыскер ақын, қоғам белсендісі Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйлайтынын хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді…

Көп адамдар "Аманат Хоум" туралы посттарыңызды неге алып тастадыңыз, неге жарнамалауды тоқтаттыңыз дейді…

Көп адамдар көмек сұрап, алғашқы 35% жарна салуға ақшамыз жоқ, "Аманат Хоум" арқылы тегін үй алып беріңізші дейді…

Көп адамдар…

Ия, Мен жалғызбын! Бірақ менің барлық құлдарына қамқорлығы жетіп артылатын ЖАЛҒЫЗ, ӨТЕ ҚҰДІРЕТТІ, МЕЙІРІМДІ РАББЫМ бар!



Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы мен ештеңе жасай алмаймын!

Өйткені оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоққы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті.

Бірақ мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етейін!

Алла бұйыртса, ҰТЫС жариялаймын!

Вакцина алмағандар үшін! Алыңдар деп желіге салмағандар үшін!
Балғынбектен 500 баспана! Бес емес, бес жүз! Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын!", – деп жазды айтыскер.

Айта кетейік, Балғынбек Имашев – вакцинаға қарсы қоғам белсенділерінің бірі. Айтыскер бір жазбасында 6 перзентінің үшеуіне екпе салдырмағанын жазған болатын. Сөзіне қарағанда, вакцина алған алғашқы үш баласынан қарағанда алмаған кейінгі үш баласының денсаулығы жақсырақ. 

Талқылау