Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласын құрылыс алаңында тастап кеткен әйел сәбиін қайтарып алмақ ниетте

Баланың әкесі деп шамаланған ер адам әкелігі расталған жағдайда, сәбиді асырап алмақшы, – деп хабарлайды «Мой город».

Оралда баласын құрылыс алаңындағы шұңқырда қалдырып кеткен әйел сәбиін қайтарып алғысы келеді.

Маусым айында күзетші салынып жатқан үйлердің маңынан тастанды сәбиді тауып алған. Белгілі болғандай, сәбиді тастап кеткен 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Әйелдің сөзінше, ол қаладағы балалар үйін таба алмаған, сондықтан сәбиін жертөлдегі шұңқырға тастап кеткен.

Баланың анасына қатысты «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта 5 айлық сәби балалар үйінде жатыр.

«Қамқоршылық органдарының рұқсатымен сәбиді көруге анасы мен әжесі келіп тұрады. Анасы сәбиін алып кеткісі келеді. Сол үшін сот шешімін күтіп жүр», – дейді балалар үйінің бас дәрігері Мария Кубашева.

Білім беру бөлімінің балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Ақиіс Біржанованың сөзінше, баланың әкесі ДНҚ сараптамасынан өтіп, баланы асырап алмақ.

Жіберіп алмаңыз:

СҚО-да жоғалып кеткен мұғалімнің денесі 3 жылдан кейін табылды

Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті

ҰҚК арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Ақмола облысында 200-ге жуық үй жарықсыз қалғалы тұр

Талқылау