Баласына қол көтерген Салтанат Бақаева елден көмек сұрады
Салтанат Бақаева кенже ұлына қол көтергенін айтып, оқырмандарына мұңын шақты. Әнші қиғылық салған баласының құйрығынан бірнеше рет ұрғанын, ол үшін өзі де жылап, өкінгенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандары Салтанатқа басу айтып, ондай жағдайлардың болып тұратынын ескертті. Әсіресе, жүкті кезде гормондар әсер етуі мүмкін екенін айтты.
"Ең бастысы, өзіңізді кінәламаңыз", "Бала бәрін ұмытып кетеді", "Құйрығынан ұрған дұрыс, баланың басынан ұрмау керек", "Онда тұрған ештеңе жоқ, өзіміз де таяқ жеп өстік", - деп жазды олар.
Алайда Бақаева балаға қол көтеруді құптамайтынын, сол себепті басқа жол іздеу керектігін айтты.
"Ертең балаға психологиялық травма болуы мүмкін. Бала ұмытып кетеді дейміз, ал шын мәнінде үлкен қате.
Мен де солай ойлаймын. Бірақ әкем өмірінде маған қол көтермек түгілі дауыс көтермеген. Ал анашым қаталдау болды әрине, дегенмен жиі қол көтерді деп те айта алмаймын", - деді актриса.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді