Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласын тартып үлгерді: Алматыда көпбалалы ана құлаған ағаш астынан ұлын құтқарам деп көз жұмды

Алматыда төрт баланың анасы қапыда көз жұмды. Балаларымен серуендеп келе жатқан әйелдің үстіне көшедегі ағаш құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Баласын тартып үлгерді: Алматыда көпбалалы ана құлаған ағаш астынан ұлын құтқарам деп көз жұмды

Аталған оқиғаның видеосы бұған дейін жарияланған еді. Енді жақындары әйелдің өліміне кінәлілер жазалансын деп талап қойып отыр. Жақындары ағашты апатты жағдайда екенін айтып, әкімдікке бірнеше рет шағымданғанын айтты. Алайда оларды естір құлақ болмапты. Олар 4 бала жетім қалған соң ғана істі тексеріп жатыр деп налыды. 

Әйел кіші ұлын сүйреп үлгергенде, ағаш өзінің үстіне құлаған. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырады. Бұл уақытта келіншек есін білген. Алайда дәрігерлер аман алып қала алмады.

"Кіші ұлын құтқарам деп ұмтылды анасы. Егер ол бармағанда ағаш баланың үстіне құлайтын еді. Біз талай рет бұл ағаштың құлайтынын айтып шағымданған едік", - деді жақыны Шолпан Халықова. 

Үш баласы да зардап шекті. 6 жастағы ұлы әлі де емделіп жатыр. Жағдайы орташа деп бағаланды. 

"Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Ағаштың жапырағы жасыл, ешқандай залалды күйде болған жоқ. Неден құлағаны белгісіз. Ағаш апатты жағдайда болған", - дейді Түрксіб аудан әкімінің жетілдіру бөлімінің бастығы Константин Воропаев.

Оқиғаның мән-жайын енді құқық қорғау органы анықтайды. 31 жастағы Әйгерім Елубайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Марқұмның күйеуі балаларын Ұзынағашқа туыстарының үйіне апарып тастады. Оларға ұзақ уақыттық оңалту жұмыстары керек.

 

Талқылау