Баласы мен әйелінің көзінше асылып қалған: Ақтауда полиция ер адамды құтқарып қалды
Ер адам Ақтауда әйелі мен балаларының көзінше асылып қалмақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Tumba.kz басылымы 7 мамырда 102 пультіне 3 шағын ауданда әйел көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды.
"Өтініш берушінің айтуынша, күйеуі өз-өзіне қол жұмсайды. Дереу осы мекен-жайға патрульдік полиция батальонының ең жақын экипажы жіберілді. Шақыртуға келген Е.Орынбасар мен А.Тәуекел 2-қабатқа көтерілді. Алайда пәтердің есігі жабық болған, ішінен әйелдер мен балалардың айқайы естілді. Пәтерге кірген полиция белдікке ілінген ер адамды көрді. Қуанышқа орай, қызметкерлер оны құтқарып қалды", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адамның неге мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. Оны одан әрі тексеру үшін Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды