Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаңызды желідегі зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады: Мамандар түсіндірді

Технология дамыған сайын ғаламтордың балаларға әсері күннен-күнге ұлғайып келе жатыр. Осы мәселеге қатысты желідегі зорлық-зомбылық жағдайлары да өсуде. Балаңызды желідегі зорлық-зомбылықтан қоғау үшін қандай шаралар қабылдау керектігі туралы мамандар айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  «Өзіңізді және жақындарыңызды буллинг және кибербуллингтен қалай қорғауға болады» онлайн брифинг барысында мамандар бұл мәселеге нақты тоқталды. 

Орталық Азиядағы, ТМД және Балтық елдеріндегі Касперский зертханасының басқарушы директоры Евгений Питолин зорлық-зомбылықтың алдын алудың үш түрін ұсынды. 

"Балаңыздың қолына гаджет берген уақыттан бастап-ақ сіз желіде отырудың қауіпсіздігі турлы түсіндіріп отыруыңыз керек. Оның жасы 2 немесе 3-те болса да бұл мәселеге мән беру маңызды. Екіншіден, ата-ана не болып жатқанын үнемі зерттеп отыру керек. Ғаламтордаға шектеу қойып үйреніңіз. Сонымен қатар, өзіңіз де технологиядан хабарыңыз болуы керек", - дейді Евгений Питолин. 

Сонымен қатар, «Қазақстанның интернет қауымдастығы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров балаңызға көбірек көңіл бөліп, оның желіде немен айалысып отырғанын қадағалауыңыз шарт деп түсіндірді. 

"Қандай пайдалы бағарламалар болса да бақылап отыру маңызды. Ол өзінің әлемінде өмір сүрмеуі үшін үнемі ғаламтордан не қарап отырғанын сұрап, әңгіме айтып баламен тығыз қарым-қатынаста болуы шарт", - дейді «Қазақстанның интернет қауымдастығы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров.

Талқылау