Баланы ұрлауға тырысқаны үшін күдікке ілінген әйел Алматының ауданында "Үздік тәрбиеші" болған
Бала ұрлады деген күдікке ілінген әйел Медеу ауданында 2018 жылы "Жылдың үздік мұғалімі" атанды. Бұл туралы Tengrinews басылымына сілтеме жасап, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Медеу ауданындағы білім басқармасында айтылды. "Ол шынымен де 2018 жылы үздік тәрбиеші атанды. Әлиханның тобына жетекшілік еткен. Отыз жастағы әйел 29 шілдеде жұмысқа шығуы керек еді. Оған ешкім шағымданбаған, өз жұмысын өте жақсы істейтін. Медеу ауданында тәрбиешілердің арасында жыл сайын жарыс өтеді. Ол Медеу ауданында үздік еді. Балабақша меңгерушісін осы оқиға қатты таңғалдырды", — дейді Медеу ауданындағы білім бөлімінің жетекшісі Ағайша Сапарова.
Әлиханның анасы Лаура Мусина да тәрбиешіге "Жылдың үздік тәрбиешісі" деген лауазымның берілгенін біледі. Әйел сайыстан сыйлыққа ноутбук алған екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда тәрбиеші ақша алу үшін балабақшадан кішкентай ұлды ұрлап кете жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды