Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалармен сотталған бапкерлер жұмыс істеген": Алматыдағы Artsports бағдарламасынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Балалардың спорттық және шығармашылық тапсырыстарын қаржыландыратын Artsport бағдарламасына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

артспорт

Көрнекі сурет

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі 2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінгенін мәлім етті.

Алдын ала тексеріс барысында прокуратура біршама заң бұзушылықтар анықталды.

"Бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық әрекеттер анықталды. Атап айтқанда, секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған 2000-нан астам балаға жұмыстар актілері толтырылған. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады", - делінген прокуратура хабарламасында.

 "Аrtsport”-тың 935 қатысушысы ғанаіс жүзінде спорт мектептеріне барады.

Балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың 13-і бұрын-соңды сотталған әрі түрлі қылмыстары үшін жазаға тартылғаны анықталды. Прокуратураның мәлімдеуінше, жаттықтырушылармен еңбек шарттары жасалмай, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген.

Аталған алаяқтық фактілері бойынша қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, "Аrtsport"платформасының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланбаған, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар.

Талқылау