Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларым ауыра берді": Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен қиын күнді есіне алды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың үйінен айырылып қалуы балаларына қалай әсер еткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Айта кетейік, киножұлдыз құны 170 миллион теңге тұратын баспанасынан айырылып қалған еді. 

“2022 жыл. Басымнан аумалы-төкпелі кезең өтіп жатты. Менің күйім балаларға да әсер етіп, бірінен кейін бірі ауыра беретін. Табиғатымнан тұйықтау болдым ба, ешкімнен ашылып кеңес те, көмек те сұрай алмайтынмын. Білесіз бе, балалар кішірек кезде ауырып қалмаса екен деп уайымдайтын едім. Суықтап қалса қайтемін деп өзімнен-өзім қорқып жүремін. Ең қызығы, төртеуі де ауырып шығатын. Байқайсыз ба, қорыққан сайын бала міндетті түрде ауырады”, – деп жазды актриса. 



Отандық киножұлдыздың сөзінше, балалары ауырмау үшін өте көп ізденген көрінеді. 

“Балалар жиі ауырмасын. Ұсақ-түйекті уайымдамасын, еркін, батыл өссе екен деген жолда көп іздендім. Мың сұрақтың жауабын бір кітаптан таптым десем, сенесіз бе?! Ол әйгілі В.Синельниковтың "Возлюби болезнь свою" кітабы еді. Осы кітаптан кейін өзіме де, өзгеге де басқаша қарайтын болдым. Көп жағдай реттеле кеткені рас”, – деді кинопродюсер. 

Еске салайық, "Өзіме тиесілі дүние қайтты" деп үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалығын бөліскен еді. 

Талқылау