Жылына 125 мың теңге: Қазақстандық балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады
1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50% жыл сайын балалардың шотына аударылатынын айтты. Ғаламторда балалардың Ұлттық қор есебінен қанша қаржы алатынын есептеп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

QazTrading Telegram-арнасының мәліметінше, Ұлттық қордың жылдық орташа табысы 3,17%-ға тең.
2021 жылы Ұлттық қордың инвестициялық табысы 3,4 миллиард доллар болған. Ал Қазақстанда барлығы 6 485 507 бала бар.
Сәйкесінше жыл сайын әр баланың жинақ шотына 125 мың теңге түседі.
Ал қордың инвестициялық табысы артса, 18 жасқа дейін баланың шотына 2,5-3,5 миллион теңге түседі.
Еске салайық, Қазақстан халқына жолдауында Тоқаев әр отбасының ел байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін айтқан. Балалар жылы аясында ол "Балаларға арналған Ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бағдарлама аясында жиналған қаржыны келешекте тұрғын үй алуға немесе баланың білім алуына жұмсалатынын айтты.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі