Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілетінін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жүйесіне жаңашылдық қажет екенін атап өтті. Бұл туралы ол 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деді президент.
Тоқаев сондай-ақ әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілетінін айтты. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет, деп қосты мемлекет басшысы.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады