Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалардың сабағы қайда?": Вьетнамға отбасымен демалысқа аттанған Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақат бала-шағасымен демалысқа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Өнерлі жұптың таңдауы Вьетнам жеріне түскен. Сондай-ақ айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың отбасы да бірге аттанған. 

“Сүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем! Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын-ала жоспарланып қойған демалыс еді. Елдегі жағдайдан кейін, Қыдекең “ешқайда бармаймыз” деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілдері түсіп, қойш, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Бұл нағыз “еңбек сіңіргенде демалатын демалыс болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық, рас. Шүкір, бәрі жақсы болсыншы”, – деп жазды әнші.



Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне жақсы демалыс тілеп жатса, енді бірі сабақ уақытында балаларды алып кеткені үшін сөкті. 

“Балаларыңыз мектеп оқушысы ғой, сабақ уақытында қалай жібереді”, “Әншілердің балаларына жасыл түс жанып тұрады. Біздің балалар бір күн қалса, анықтама сұратады”, “Мектеп директорлары қайда қарап отыр?”, “Мектептің заңы бәріне бірдей болуы керек”, “Жеке мектептегілер жібере береді”, “Кімге, не үшін ақталып жатырсыз, әншілерге бүкіл есік ашық қой”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, әншінің Германияға не үшін барғанын жазған едік. 

Сондай-ақ өнерлі отбасы су тасқынынан зардап шеккен ағайынға 1 миллион теңге аударғанын жасырмады.

Талқылау