Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды

Қарағандыда болған қайғылы жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Қаза тапқан әйел тұрмыста болған. Артында екі баласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

қарағанды

"Биіктіктен құлап, қаза тапқан әйел 33 жаста болатын. Шахтинск қаласының тумасы еді. Есімі – Евгения. Биіктіктен секіруі бірінші рет емес. Шатырдан, биік жерден секіруді хоббиі санаған. Әйел Сарань қаласы маңындағы бос қалған көпқабатты үйлерге осы үшін арнайы баратын", – делінген хабарламада. 


Сүйіктісі мен достарының көзінше: Қарағандылық әйел аттракционнан секіремін деп көз жұмды


Қаза тапқан әйел тұрмыста болған және артында екі баласы қалды. Бұдан бөлек отбасы анасы қайтыс болған туысын да тәрбиелеп отырған. 

"Евгения еш ойланбастан, баланы өз тәрбиесіне алған", – деп жазады басылым. 

Айта кетейік, Бұған дейін полиция қызметкерлері 32 жастағы әйелдің өліміне байланысты 306-бабы 1-бөлігі "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Талқылау