Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар үшін қорқамыз". Журналистер қазақ-қырғыз шекарасында жиналған халықты түсірді

8 ақпанда Аухатты шекара бекеті арқылы төрт мың қазақстандық Қырғызстан шекарасынан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Шекарада таңертеңгі 8-ден бастап көліктерден құралған ұзын-сонар кезек пайда болған. 

Бұған дейін жақын маңдағы ауылдардың жергілікті тұрғындары Қырғызстанмен шекараны көлікпен және жаяу жүріп өтуге тырысқаны хабарланған болатын. Кейбіреулері көрші елге тезірек жету үшін тіпті көліктерін тастап кете барған. Көліктерде көбіне балалар мен қарттар екен.

Сондай-ақ, журналистер шекарадағы адамдармен де тілдескен. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлады.

Тәртіпсіздіктердің басталуын өз көзімен көрген, куәгерлердің бірі Нұрлан Құдашбаев:

"Ауылдан шықтық, жолда кетіп бара жатқан біздің көлігімізді белгісіз ер адам тоқтатты. Шықтым, ол мені боқтап, көлікті тепкілей бастады. Мен де мәселенің мән жайын анықтау мақсатында қарап тұрмадым, ұрыса жөнелдім. Сол сәтте қолына балға ұстаған тағы екі еркек келіп жетті. Бізді ұрып-соғып, қан жоса қылды. Әкемді балғамен кеудесінен ұрды, ол 80 жаста",-деп еске түсіреді ол.

Шекарадағы әйелдің бірі "Әркім өзінің өмірі үшін қорқады",-дейді, ал тағы бір ер адам "Балаларды бір жерге тығып отыру керек, олар үшін қорқамыз" -, дейді.


Тағы оқыңыз


Вице-премьер Бердібек Сапарбаев шекарада жиналған адамдарды тынышталуға шақырды.

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық ұрыс болған. Оқиға 8 адамның өмірін қиды. Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Талқылау