"Балабақшалар химиялық қоспалар арқылы балаларға ауру жұқтыруда": Желіде таралған ақпарат қазақстандық ата-аналарды шошытты
Әлеуметтік желілерде балабақшадағы санитарлық өңдеу кезінде химиялық қоспаларды шашып жатыр деген бейнежазбалар тараған. Алайда құзырлы орындар бұл деректің жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздің балабақшалары мен мектептеріндегі санитарлық өңдеудің қауіпсіз екенін айтты.
"Барлық балабақшалар мен мектептер мемлекеттік бақылаудан өткен, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған препараттармен ғана дезинфекцияланады. Олар бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қолданылады. Және бұл заттар қауіпсіз",- деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұған дейін де қоғамдық орындарда зиянды заттар тарату туралы қауесеттер болған еді. Ал желіде тараған видеода қай жердің балабақшасы екені көрінбейді және химиялық заттардың қолданылғанын айқындайтын нақты дәлел жоқ.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық