Балабақшаға барғысы келмеген: Желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды жұлқылап соққан видеосы тарады
Желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды көше ортасында теуіп, ұрып-соғып жатқан видеосы жұртшылықты ызаландырды. Кадрларда ол қызды қолындағы қатты сөмексімен түйіп, қатты жұлқылап ұрады. Осы оқиғаға байланысты полиция түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдіріп ұрған.
“Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды”, – делінген полиция хабарламасында.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған