Балабақша тәрбиешілері жаппай коронавирус жұқтыруда: вирус қостанайлық мекемеден табылды
Қостанайда балабақша тәрбиелеушілері коронавирус жұқтырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда мемлекеттік балабақшаның үш қызметкерінен коронавирус табылғаны айтылған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі