Атырауда мемлекеттік балабақшаның үш қызметкерінен коронавирус табылды

Атырауда қаласында 250-ге жуық бала тәрбиеленетін балабақшының 3 қызметкерінен коронавирус табылды. Осыдан кейін қаланың бас санитар дәрігері мектепке дейінгі мекемелердің барлығын жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

балабақша

"Осы жағдайға байланысты балабақша қызметкерлерінен және сол топта қызмет еткен көмекші тәрбиешіден бастап, барлығынан тест сынамасы өткізілді. Нәтижесінде тағы екі қызметкерден, яғни аула сыпырушы мен бір тәрбиешіден тест сынамасы оң нәтиже берді. Осы жағдайға байланысты қазір №30 "Жұмбақ" балабақшасы жұмысын  уақытша тоқтатты", - деді Атырау қалалық білім бөлімінің бас маманы Айжан Есмағанбетова.

Аталған мекемеде 232 бүлдіршін бар. Індет табылған тәрбиешінің қарауында 23 бала болған. Дереу тексеру өткізген дәрігерлер балалардың аурудан аман екенін айтты.

Қазақстанда коронавирустан болған өлім саны артып келеді. Тұрғындардың немқұрайлығы мамандардың ашуын келтірді.               

"Сақтанбайды, күтінбейді. Жағдайлар жанұяларда тіркеліп жатыр. Бір жанұяда бір-екі адам емес, саны 5-7-ге дейін жетеді. Содан кейін жұмыс орындарында да. Біз айтатын бетпердені кию керек. Ара қашықтықты сақтау керек. Әр адам өзінің жеке гигиенасын сақтау керек. Жағдай сақталмаған соң осындай аурудың өсіп жатқаны – ең басты себептерінің бірі", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр