Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламды жұлып алып, мүгедек қылды": Астаналық келіншек босану кезіндегі дәрігерлердің салғырттығына шағымданды

Астаналық келіншек ауруханада дәрігерлердің әрекетіне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Астана тұрғынының шағымы әлеуметтік желіде жарияланды. Ол 12 тамызда перзентханаға түскенін айтты.

"Сағат 12-де менің суым кетіп, сағат 18:00-де босану бөлмесіне келдім. Сол күні бас дәрігер кезекшілікте болды, 20:00-де мені тексеріп, жоқ болып кетті. Мен оның келуін сұрадым, бірақ келмеді. Алғашқы кездескенімде мен оған 12 жыл бұрын 3600 салмақта қызды босана алмағанымды түсіндірдірген болатынмын. Екінші жүктілікте УДЗ бойынша баланың салмағы 4,5 келі болды. Мен өзім босана алмайтынымды, жамбасымның тар екенін түсіндірдім. Ол тыңдамады. Мен кесарево жасатуды өтіндім, бірақ ол рұқсат бермеді. Түні бойы қатты ауырып толғаттым. Сағат 8:00-де мені палатадан босану бөлмесіне ауыстырды. Бірінші босанудағыдай емес, қатты ауырды, шаршап қалдым. Бас дәрігер мені ауысымдағы басқа дәрігерге тапсырды да, кетіп қалды", - деп жазды әйел. 

Пост авторының жазуынша, нәресте толғақ кезінде шықпай қалған. Сол кезде ғана дәрігерлер уайымдай бастаған.

"Дәрігер баланы жұлып алуға тырысты, бірақ қолынан келмеді, сол кезде ол маған баланың босанғанға дейін шетінеп кеткенін айтты. Директордың орынбасары жүгіріп келіп, айқайлап баланы жұлып алуға тырысты. Аяғыма қатты қысым жасай бастады, мен сықырлаған дыбысты естідім. Нәтижесінде жамбас сүйектерім 2,5 миллиметрге бөлінген. Баланы әрең шығарған", - деп жазады ол.

Әйел баланың туылғандағы салмағы 5,2 келі болғанын айтты.

"Бақытымызға орай реаниматологтар ұлымды құтқарып қалды. Баланы бірден инкубациялап, 3 күн бойы гипотермия жүргізді. Жамбас сүйектерімнің шытынағанынан қозғала алмай қалдым. Мен үшін өте ауыр болды", - деп қосты пост авторы.

Астаналық келіншектің айтуынша, оның жаңа туған ұлы 10 күн реанимацияда, 10 күн патология бөлімінде болған.

"Ұлыма "Дюшен-Эрб оң қолының сал ауруы" диагнозы қойылды. Бұл акушерлердің салғырттығынан болып отыр. Оны иығынан тартпақ болғанда, жүйке жүйесіне зақым келген. Мен дені сау бала өмірге алып келдім. Мен жүктілік кезінде дәрігердің барлық нұсқауын орындадым, ішпедім, қабылдауға уақытында бардым. Көптен күткен балам дәрігерлердің кінәсінен мүгедек болып қалды", - деп жазды ол.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұл оқиға бойынша мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Егер өтініште көрсетілген фактілер расталса, кінәлілер жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді департаменттегілер.

Талқылау