Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала ауруханаға түсті: Алматы облысында ер адам мектеп оқушысын соққыға жықты (видео)

Алматы облысының Есік қаласында 43 жастағы ер адам мектеп оқушысын соққыға жыққан. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға Набережная мен Ынтымақ көшелерінің қиылысында, спорт кешенінің жанында болған. Күдікті ұсталды, бірақ ол балаға қол тигізбегенін айтады.

22 ақпанда Есік қаласында үшінші ықшамауданның қиылысында белгісіз ер адам 4-сынып оқушысын (Терешков атындағы орта мектеп) ұрып-соққан, деп жазады басқа басылым.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді. Полиция ер адамның баланы ұрып-соққанын растады.

“43 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Ер адам кәмелетке толмаған баланың денесіне зақым келтіргенін мойындады”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Бала әлі де дәрігерлердің бақылауында. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Талқылау