Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты (видео)

Танымал отандық актриса әрі жүргізуші Әсел Асқар ажырасқаннан кейін бір жыл бойы күйзелісте болғанын айтады. Өнер иесі жан тыныштығын табу үшін 12 ай бойы психологқа барған. Бұдан өзге, 20-дан аса психологиялық кітап оқып, өз-өзін іздеуге тырысқан. Әнші Бүркіттің қарындасы күйзелістен қалай арылғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты

Әселдің желідегі парақшасында бөліскен жан тебірентерлік жазбасы көпшілікті бей-жай қалдырмады.

“Ажырасқаннан кейін ұзақ уақыт өз-өзіме келе алмадым. Өте ашуланшақ әрі ызақор болып кеттім. Әлемдегі бүкіл еркектерді жек көрдім, ерлерден көңілім қалды. Енді ешкімді жақсы көрмеспін деп өзіме серт бердім. Бірақ бір қызығы, ондай ойдан мен мықты бола түскен жоқпын, керісінше өзімді жаман сезіне бердім. Өткен іске көп өкіндім. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің әлемім жойылды, енді мен бақытты бола алмаймын деп ойладым. Өзіме жалғыздық пен бақытсыздық үкімін кестім. Қанша жас төгілді, қанша сөз естідім, үйдегілер тарапынан түсінбестік болды… Ең қызығы, ешқашан біреуді кінәлағым келмеді, өзімді-өзім іштей жей бердім, бір жыл бойы психологқа бардым. Өз пікірімді өзгерту үшін жұмыс істедім, тыныштық іздеу мақсатында 20-дан аса кітапты оқып бітірдім”, – деп ағынан жарылды Әсел.

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты

Бір жыл бойғы еңбек нәтижесіз болмаған. Бүгінде актриса өзін бақытты сезінетінін айтады. Әсел бастан өткен оқиғасынан сабақ алып, енді өзгелерге аз да болсын көмегім тисін деген ниетпен поэзияға бет бұрғанын әңгімеледі. Атап өтетін жайт, Әсел Асқар желіде әртүрлі өлеңдер оқып, қысқа бейнежазбалары арқылы танылып жүр. Бүгінде оның Instagram-дағы парақшасын 250 мыңға жуық адам оқиды.

“Енді, мінеки жанымды тыныштық жайлады. Әр күніме қуанып, өткеніме күлімсіреп қараймын. Барлығын жақсы көремін және жақындарыма махаббатым мен қамқорлығымды сыйлауға дайынмын. Нағыз махаббат келді, мен бақыттымын.

Ал өлеңдерге келсек, мен оларды өткенімді еске түсіріп, бастан өткерген тәжірибені ұмытпау үшін оқимын. Өтті, кетті. Мүмкін менің видеоларым сіздің жаныңызға демеу болып, мен түсіністік іздеп жүрген адамдарды табамын деп үміттенемін”, – дейді Әсел.

Айта кетейік, актриса әрі жүргізуші Әсел Асқар әнші Бүркіттің жиен қарындасы. Әселдің анасы – Бүркіттің туған әпкесі. Актриса өз тәрбиесіне Бүркіттің қатты араласқанын, оны әкесіндей көретінін бірнеше мәрте айтқан болатын.

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты

Тағы оқыңыз: 

“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

Өз тілім емес: Заңғар Нұртас “ағылшынша әнді акцентпен айтты” деп сынағандарға жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы той басқару үшін 10 мың доллар сұрайды

Бүркіт пен Аиша қызды болды

Талқылау